Общая информация
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ
2025 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі
қаңтар 2026 жыл
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 7 түрін көрсетеді:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау.
Есепті кезеңде 56 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес көрсетіледі (2023 жылғы 07 шілдедегі № 248 енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен). Талданатын кезеңде 56 өтініш берілді. Автоматтандырылған деректер базасы арқылы 1,10 сыныптарға оқуға өтініш берген барлық білім алушылар оқуға қабылдау туралы SMS хабарлама алды. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болған жоқ.
2. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау.
Есепті кезеңде 2 қызмет көрсетілді. Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызмет 27.05.2020 жылғы № 223 Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі. Талданған кезеңде 2 өтініш берілді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтініш берушілер құжаттардың толық пакетін ұсынды, Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болған жоқ.
3. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
Есепті кезеңде 4 қызмет көрсетілді. Функция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015.01.28 №39 бұйрығына сәйкес іске асырылады. Талданатын кезеңде 4 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ.
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларына біліктілік санаттарын беруге (растауға) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау.
Есепті кезеңде 3 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ.
5. Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну
Есепті кезеңде 28 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау және есепке алу қағидаларына сәйкес көрсетіледі және балаларға- жетімдерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған, шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына. Талданатын кезеңде құжаттардың растайтын пакетімен 28 өтініш берілді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болған жоқ.
6. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде балаларға демалу үшін құжаттар қабылдау және жолдамалар беру.
Есепті кезеңде 7 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет "Мемлекеттік мекемелердің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беруге арналған құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру"мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі. Талданатын кезеңде құжаттардың растайтын пакетімен 7 өтініш берілді. Автоматтандырылған деректер базасы арқылы 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді, заңды өкілдер Мемлекеттік мекемелердің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беруге жолдама беру және беру туралы SMS хабарлама алды. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болған жоқ.
7. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау.
Есепті кезеңде 5 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың 12.10.2018 № 564 үлгілік қағидаларына сәйкес көрсетіледі (2023 жылғы 07 шілдедегі № 248 енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен). Есепті кезеңде білім алушылардың келуі мен кетуіне заңды өкілдердің өтініштері бойынша 5 ауысу қызметі көрсетілді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болған жоқ.
Әлеуметтік желілерде, гимназия сайтында Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттар тізімі орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша оқу – тәрбие процесіне қатысушыларға қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында гимназияда екі тілде өзекті ақпараты бар ақпараттық стенд бар.
Директор А. Алиферец
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Коммунальное государственное учреждение «Гимназия отдела образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|
|
|
БҰЙРЫҚ |
ПРИКАЗ |
|
16 сәуір 2026 жыл |
№ 137 |
|
Жітіқара қаласы |
город Житикара |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген, ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың 5-тармағына, 2026 жылғы 16 сәуірдегі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ № 137 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілсін.
2. Келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін:
1) гимназияның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау; мүдделер қақтығысын реттеу; Мемлекеттік қызметтер көрсету; бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу; ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, А.Х. Калиеваға, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, Р.Ш. Иштуковаға, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, М.В. Махмутоваға, директордың АШБ жөніндегі орынбасары, Е.В. Данилюкке, бас есепшісі, М.С. Ахметоваға, әлеуметтік педагогі, А.Б. Аметоваға, іс жүргізуші, З. Т Дуспановаға жүктелсін.
4. Ішкі талдау жүргізуге «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Жітіқара аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы» филиалының төрайымы Асем Муратовна Галиаскарова тартылсын (келісім бойынша).
5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылатын кезең: 2025 жылғы 2 жартыжылдық - 2026 жылғы 1 жартыжылдық болып белгіленсін.
6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша жауаптыларға 2026 жылғы 25 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде білім беру ұйымдарында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты қамтитын жиынтық талдамалық ақпарат, оларды жою жөніндегі ұсынымдар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі берілсін.
7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге басшылықты, үйлестіруді және жауапкершілік пен жұмыс нәтижелерін өзіме қалдырамын.
8. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының «Жітіқара ауданы
білім бөлімінің гимназиясы» КММ директоры А. Алиферец
Бұйрықпен таныстым: Аметова А.Б.
Ахметова М.С.
Галиаскарова А.М.
Данилюк Е.В.
Дуспанова З.Т.
Иштукова Р.Ш.
Калиева А.Х.
Махмутова М.В.
№ 137 бұйрыққа
қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ-де
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Жұмыс тобының мүшелері:
Калиева А.Х., директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;
Иштукова Р.Ш., директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
Махмутова М.В., директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:
Данилюк Е.В., директордың АШБ жөніндегі орынбасары;
Ахметова М.С., бас есепші;
Аметова А.Б., әлеуметтік педагог;
Дуспанова З.Т., іс жүргізуші;
Галиаскарова А.М., «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Жітіқара аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағы» филиалының төрайымы.
Бекітемін
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ директоры
_________ А. Алиферец
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
|
1 |
Мектеп директоры |
Персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, штаттық кестені және қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін бекітеді. Білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар шегінде иелік етеді. Қаржыландыру жоспарының өзгеруіне, ерекшеліктер бойынша жылдық сомалардың өзгеруіне, бюджет қаражатының кассалық орындалуына бақылауды жүзеге асырады. |
Лауазымды тұлғаның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға немесе өзге де жеке мүдделеріне байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалануы. |
|
2 |
Директордың ОЖЖ орынбасары |
Оқу процесін ұйымдастыру, педагогикалық жүктемені бөлу. Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. |
Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланумен байланысты тәуекелдер, жекелеген тұлғаларға басымдық беру, олардың мүдделерін ілгерілету мүмкіндігі. |
|
3 |
Бас есепші, есепші |
Бухгалтерлік есеп. Жиынтық есептердің жасалуын қамтамасыз етеді. Еңбекақы есептеулерінің, салықтардың, сондай-ақ өнім берушілерге төленетін төлемдердің жасалуын бақылау. Шарттар жасасу, шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын әрі қарай қадағалау. Бюджеттен бөлінген қаражаттың толық және уақтылы пайдаланылуын бақылау |
Бюджет қаражатын жымқыру мүмкіндігі, артық ақшалай қаражатты негізсіз аудару. Талап арыздарды бермеу, талап қою талаптарының толық болмауы. |
|
4 |
Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары |
Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қабылдау. |
Сапасы тиісті емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қабылдау. |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман |
Мемлекеттік қызметтерді және олардың белгілері бар қызметтерді көрсету. |
Өтінішті формальды негіздер бойынша қабылдамау мүмкіндігі, көзделмеген құжаттарды талап ету, нәтижені беруден заңсыз бас тарту. |
|
6 |
Кадрлармен жұмыс жөніндегі маман |
Жұмысқа қабылдау рәсімдерін ұйымдастыру, үміткерлерге қойылатын талаптарды және конкурстық сұрақтарды әзірлеу. |
Конкурстық талаптарды белгілі бір үміткерлерге «бейімдеу» және оларға конкурстық сұрақтарды алдын ала ұсыну мүмкіндігі. Белгілі бір үміткерлерге басымдық беру мүмкіндігі. |
🏆 БІЗ МАҚТАНАТЫН ЖЕҢІС! 🏆
Гимназияның «Жол күзетшісі» жас инспекторлар жасағы 28 аудандық ЮИД слетінде 🥇 1 орынды иеленді!
Бұл — жай ғана жеңіс емес, бұл табандылықтың, бірліктің және нағыз командалық рухтың нәтижесі! 💥
Оқушылар жарыстың барлық кезеңінде жоғары дайындық деңгейін, жол қозғалысы ережелерін жетік меңгергенін, тәртіп пен жауапкершілікті айқын көрсете білді.
Біздің ЮИД жасақтары — бүгіннен бастап қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, өзгелерге үлгі болып жүрген нағыз көшбасшылар! 👏
🌟 Алда — жауапты кезең!
Команда 22 сәуір күні өтетін облыстық слетте Жітіқара ауданын абыроймен қорғайды.
Жігіттер мен қыздарға сәттілік, сенімділік және жаңа жеңістер тілейміз!
Алға, «Жол күзетшісі»! 🚀🔥
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Жітіқара ауданы білім бөлімінің «Гимназия» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге дайындық туралы хабарлайды.
Талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылдың II жартыжылдығы – 2026 жылдың I жартыжылдығы.
Оқушыларымыз – біздің мақтанышымыз!
Қостанай қаласында 5–8 қаңтар аралығында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 9–11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Облыстық кезеңнің жүлдегерлерін және олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
✨Оқушыларымыздың нәтижелері:
Ракишева Камила, 9 «А» — орыс тілі мен әдебиеті — II орын
🔹 Ержанов Алишер, 9 «А» — ағылшын тілі — II орын
🔹 Басанова Толкын, 9 «А» — биология — II орын
🔹 Маркелов Илья, 9 «А» — математика — III орын
🔹 Шумкова Анастасия, 10 сынып — ағылшын тілі — II орын
Ұстаздарға жоғары кәсіби шеберліктері, шексіз төзімділіктері және оқушыларымыздың талантын дамытуға қосқан зор үлестері үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл жеңістер — сіздердің де еңбектеріңіздің жемісі!
Алға қойған мақсаттарыңыздан тайынбай, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз! Бұл жеңістер жаңа жетістіктер мен үлкен табыстарға бастайтын нық қадам болсын! Біз сіздерді
Гимназиямыздың жасөспірімдер командасын аудандық баскетбол жарысында 2-орын алғанымен құттықтаймыз!
Жарайсыңдар !!!
Волейболдан аудандық жарыста 2-орын алған гимназиямыздың жасөспірімдер командасын құттықтаймыз!
Ойындарыңызға, табандылықтарыңызға және командалық рухтарыңызға мақтанамыз.
5 қараша күні аудандық «Ыбырай Алтынсарин оқулары – 2025» байқауы өтті. Маликқызы Айлым байқауда жүлдегер атанып, құрметті ІІ орынды иеленді! Оқушыны жоғары деңгейде дайындаған Иманалинова Аян Қонысбаевнаға алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
21.11.25 Е. Есжанов атындағы №9 ЖББМ мектеп базасында 5–6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» Республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 5 «Б» сынып оқушысы, Мухамбетов Ихсан I орынды иеленді — бұл оның еңбегінің, талпынысының және математикалық қабілеттерінің лайықты жемісі. Пән мұғалімі: Горбунов Д. С. Құттықтаймыз!!!
Ихсанға алдағы уақытта жаңа жеңістер, өзіне деген сенім және математиканы меңгеруде зор табыстар тілейміз! Бұл жарқын жеңіс оның үлкен жетістіктерге бастар жолының бастауы болсын!
2025 жылғы 21 қарашада Қостанай қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық үйі» ұйымдастырған «Мемлекеттік тілге жеті қадам» жобасының облыстық форумы өтті.
Біздің оқушылар бұл шарада мектеп абыройын жоғары деңгейде көрсетті.
7 сынып оқушылары Иващенко Анастасия мен Романович Ольга
мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды. Қатысушыларды дайындаған педагог — Иманалинова А.К.
Дарынды оқушыларымызды құттықтаймыз, алдағы оқу жолында толағай табыстар тілейміз! Білімге деген ұмтылыстары мен мемлекеттік тілге деген құрметтері арта берсін!
Құттықтаймыз біздің гимназия педагогтарын
биология пәні мұғалімі Меньк Елена Александровнаны және көркем еңбек пәні мұғалімі Есенкельдина Анастасия Викторовнаны! Олардың әдістемелік жетекшілігімен дайындалып, Корчагина Эвелина қорғаған ғылыми жоба Республикалық ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңінде II орын иеленді! Бұл нәтиже — педагогтарымыздың кәсіби шеберлігінің, жоғары құзыреттілігінің және шығармашылық әлеуетінің айқын дәлелі.
Сіздермен мақтанамыз және алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!
«ЖАС ҰЛАН» ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ЮПП ОТРЯДЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Біздің жас полиция көмекшілері гимназия намысын абыроймен қорғап, аудандық слётте 2-орын иеленді!
Команда барлық 6 кезеңнен де сенімді, шабытпен өтіп, білімін, бірлігін және жоғары дайындығын көрсетті.
Байқау нәтижелері:
1 орын — «Құқықтық кроссворд»
1 орын — «Білімпаздар байқауы»
2 орын — «Үздік үгіттік топ»
2 орын — «Видеороликтер байқауы» («Құқықтық тәртіп күзетінде — ЮПП отряды»)
Отряд жетекшісі — Махмутова М.В.
Сіздермен мақтанамыз! Тәртіптің, жауапкершіліктің және бірліктің үлгісі бола беріңіздер!
ГИМНАЗИЯНЫҢ МАҚТАНЫШЫ! ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАҚТАНЫШЫ!
Шексіз қуаныш және зор мақтаныш сезімімен хабарлаймыз: Анастасия Шумкова, гимназияның 10-сынып оқушысы, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға және Еуразия кеңістігіндегі мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін берілетін беделді Халықаралық Сыйлықтың қола лауреаты атанды!
«Жарқын бастау» номинациясында түрлі елдерден қатысқан көптеген талантты үміткерлер арасынан Анастасия Қазастанның атынан өз авторлық жобасы KAZLIT арқылы құрметті III орынды иеленді. Бұл жоба — қазақ мәдениетінің байлығын заманауи форматтар арқылы танытатын бірегей бастама. Біз өзіміздің талантты, шабыттанған және мақсаткер оқушымызбен мақтанамыз! Бұл жетістік жаңа биіктерге, тың жаңалықтар мен халықаралық мойындауға бастайтын алғашқы қадам болсын!
Жаңалықтар
Қазақша
Русский 










