Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының назарына!
2026 жылы орта білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау әр облыс үшін кезең-кезеңімен жүргізіледі. Мұндай шешім электрондық egov.kz. үкімет порталына жүктемені азайту мақсатында қабылданды
Қостанай облысында құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 18 маусымнан 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, осы жылдан бастап мектептер жанындағы мектепалды сыныптардың тәрбиеленушілері ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданатынын хабарлаймыз.
Егер ата-аналар мектепке дейінгі сыныпты бітіргеннен кейін басқа мектепті таңдаса, құжаттарды беру жалпы негізде жүзеге асырылады. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірінші сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-аналарының өтініші бойынша даярлық деңгейіне қарамастан қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
2. денсаулық жағдайы туралы анықтама (№065-у нысаны) және баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны);
3. 3×4 см фотосуреттер (2 дана).
Құжаттарды қабылдау тәртібіне немесе беру мерзімдеріне өзгерістер енгізілген кезде тиісті ақпарат Сіздің назарыңызға уақтылы жеткізілетін болады.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Біз Сіздерді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз.
Гимназия-инновациялық, қарқынды дамып келе жатқан және Жітіқара ауданындағы жетекші мектептердің бірі. Осы жылдар ішінде ол сапалы және заманауи оқытудың орталығы болып қала отырып, білім беру ұйымдарының рейтингінде жоғары позицияларды сенімді ұстайды.
Біздің ұжым-білім беру және тәрбие мақсаттарын табысты іске асыратын, оқушылардың жоғары дайындық деңгейін қамтамасыз ететін тәжірибелі, бастамашыл және шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтар командасы.
Жыл сайын гимназияның 100% түлектері Қазақстанның жоғары оқу орындарына және жетекші шетелдік университеттерге түседі. Біздің гимназистер облыстық және республикалық деңгейдегі ғылыми жобаларда, пәндік олимпиадаларда, зияткерлік және шығармашылық конкурстарда айтарлықтай жетістіктерге жетуде.
Оқушылардың айрықша белгілері-терең білім, бәсекеге қабілеттілік, шығармашылық ойлау және белсенді өмірлік ұстаным. Біз жетістіктері гимназия дәстүрлерінің лайықты жалғасы болып табылатын түлектерімізді мақтан тұтамыз.
Жеке тұлғаны тәрбиелеуге, білім алушылардың рухани-адамгершілік және азаматтық қасиеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Гимназияда табысты оқу, шығармашылық және өзін-өзі жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасайтын заманауи материалдық-техникалық база бар.
Гимназияның педагогикалық ұжымы ынтымақтастыққа ашық, тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әрдайым дайын.
Қазақша
Русский 