Әкімдіктің
2021 жылғы 5 қаңтардағы
№ 9 қаулысымен
бекітілген
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
жарғысы
1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Мемлекеттік мекеме Қостанай облысы әкімдігінің «Жітіқара ауданының мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 9 қаулысымен қайта аталды.
4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.
5. Мемлекеттік мекемеге байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қостанай облысының әкімдігі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
6. Мемлекеттік мекеменің атауы:Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110700, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы,көшесі АХМЕТА БАЙТУРСИНОВА, үй 25.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
9. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
10. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
11. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәніоқушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес кеңейтілген және тереңдетілген қоғамдық-гуманитарлық және басқа бағыттар бойынша білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
13. Мемлекеттік мекеменің міндеттері:
1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау;
2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі – МЖМБС) көзделген ғылымдардың базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;
3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершіліктің және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
4) азаматтылықққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және қазақ тілін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу болып табылады.
7) барлық оқушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге жағдайлар жасау.
14. Мемлекеттік мекеменің негізгі мақсаттары
1) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру;
2) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін неғұрлым қабілетті және дайындығы бар оқушыларға оңтайлы жағдай жасау;
15. Мемлекеттік мекеменің негізгі мақсаттары қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша бағдарламаларын іске асыру;
2) қосымша білім берудің білім беретіноқу бағдарламаларын іске асыру;
3) тамақтандыруды ұйымдастыру;
16. Мемлекеттік мекеме білім беру қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.
17. Мемлекеттік мекеменің осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.
18. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле басқару органының не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
19. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – білім бөлімі) жүзеге асырады.
20. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру мен тарату туралы шешім қабылдайды;
4) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
21. Білім бөлімі:
1) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
4) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
5) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
6) жылдық қаржы есептілігін бекітеді;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
8) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, білім бөліміменқызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
23. Мемлекеттік мекеменің басшысы білім бөлімініңкелісім бойынша бас бухгалтерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, білім бөлімінетікелей бағынады жәнемемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
25. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
26. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
27. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты жоспарларын бекітеді;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және жергілікті атқарушы органменжүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі
28. Мемлекеттік мекеме оқушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес кеңейтілген және тереңдетілген қоғамдық-гуманитарлық және басқа бағыттар бойынша білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.
29. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар, сонымен қатар үйде оқитын балаларға қажеттіліктерге сәйкесүлгілік оқу жоспарларының негізінде жеке оқу жоспарларыжәне үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде жеке оқу бағдарламалары әзірленеді.
30. Жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді.
31. Мемлекеттік мекемеде қосымша білім берудің бағдарламалары іске асырылады.
6-тарау. Мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі
32. Мемлекеттік мекемеге қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
33. Оқушыларды қабылдау оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша (рейтингілік балмен) мемлекеттік мекеме кеңесінің (педагогикалық кеңес) шешіміне сәйкес жүргізіледі.
7-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілі (тілдері), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимі)
34. Мемлекеттік мекеме жалпы орта білім беретін 1-11(12) сыныптар базасында келесі құрылым бойынша ұйымдастырылады:
1) бастауыш білім беру деңгейі (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу қызметiнiң негiзгi дағдысы мен машығын, теориялық ойлау элементтерiн, өзiн-өзi бақылау және өзiн-өзi түзету дағдысын меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың жеке қабiлетiн анықтауға бағытталған;
2) негізгі орта білім беру деңгейі (негiзгi мектептiң 5-9 (10) сыныптары) базалық дайындықпен қатар оқушының бейіналды дайындығын қамтамасыз ететін негізгі мектептің негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз етедi. Осы сатыда ішкі және сыртқы дифференциация негізінде оқушының базалық дайындығының аяқталуын қамтамасыз етеді;
3) жалпы орта білім беру деңгейі (10-11(12) сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
35. Гимназиялар (гуманитарлық, лингвистикалық, эстетикалық бейіндегі, көп бейінді) жоғары біліктi педагогтер, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу, материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы білім беретін мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының жанында құрылады.
36. Мемлекеттік мекеме базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың құрылымдары, мазмұны мен нысандарына тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады.
37. Оқу процесі мемлекеттік мекемеде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап келесі жылғы 25 мамырға дейін жүзеге асырылады.
38. Оқу жылы ішінде күзгі, қысқы, көктемгі каникулдар белгіленеді.
39. Білім алушылар, педагогтар, білім алушылардың заңды өкілдері білім беру процесінің субъектілері болып табылады.
40. Жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламалардың меңгерілуін іске асыратын гимназия мен лицейлерде, бейіндік мектептерде оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
41. Мемлекеттік мекеменің жеке оқу жоспарларын мемлекеттік мекеменің әкімшілігі бекітеді және басқару органымен келісіледі.
42. Вариативті оқу бағдарламалары және мемлекеттік мекеменің кәсіптік бағытталған арнайы курстары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.
Гимназиялық компонент:
1) оқытудыңбейіндерін, жеке дамыту бағдарламасын жеке таңдауымен, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын пайдаланумен;
2) гимназияның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік пәндерді енгізумен қамтамасыз етіледі.
43. Гимназиялардың және лицейлердің вариативтік және кәсіптік бағдарланған арнайы курстарының оқу бағдарламалары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.
44. Мемлекеттік мекемеде оқыту процесі үлгілік оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу жұмыс кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.
45. Оқу аптасының ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
46. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру кезінде шығармашылық гуманитарлық қабілеттерді (би, бейнелеу өнері, музыка, дизайн және басқа да бағыттар) дамытуға бағытталған тәрбие жұмысы ұйымдастырылады және өткізіледі.
47. Мемлекеттік мекемеде оқу жоспарларын, сабақ кестелерін жасау кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген санитариялық ережелерді сақтау қажет.
48. Мемлекеттік мекемедегі сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.
49. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі. Сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.
50. Оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде бес минут, үлкен үзіліс (екінші немесе үшінші сабақтан кейін) отыз минутты құрайды.
51. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы он бес минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.
Сабақтың ұзақтығы қырық минуттан аспайды.
52. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимін қолданылады. Қыркүйекте үш сабақ отыз бес минуттан, қазаннан бастап қырық минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі. Бірінші сынып оқушылары үшін жыл бойы қосымша бір апталық каникул көзделеді. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді.
53. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі МЖМБС, санитариялық қағидалардың, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру саласындағы денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған мемлекеттік мекеме бекітетін ережелермен айқындалады.
54. Мемлекеттік мекеме бір күндегі ең жоғары оқу жүктемесін белгілеуде, оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін таңдауда дербес болады.
55. Гимназия мен лицейлерге білім алушылардың таңдауы бойынша факультативтерге және қосымша курстар ұйымдастыруға әр сыныпқа 4 сағат есеппен, сондай-ақ әр сыныпқа үйiрмелер мен студиялар, ғылыми қоғамдар және т.б. ұйымдастыру үшiн мұғалімдерге 0,25 ставкада, сондай-ақ шарт негiзiнде жоғары білікті мамандарға жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін мектепке жылына 1500 сағат есебiне қаражат бөлiнедi. Факультативтік сабақтар және таңдау бойынша курстар топтарда 10-нан астам адам болған жағдайда өткізіледі.
56. Логопедтік көмекке мұқтаж балаларды уақтылы анықтау; балалардағы ауызша және жазбаша сөйлеу бұзылыстарының алдын алу және түзету; балаларды мектепке дайындау және оқушылардың білім беру бағдарламаларын меңгерудегі қиындықтарды еңсеру; сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды оқыту және дамыту бойынша педагогтер мен ата-аналарға және (немесе) балалардың өзге де заңды өкілдеріне консультациялық көмек көрсету мақсатында коммуналдық мемлекеттік мекеме логопедтік пункт ұйымдастыруға құқылы.
57. Жеке тұлғаның даму жағдайын бақылауды және оның мінез-құлқын түзетуді ұйымдастыру үшін мемлекеттік мекемеде тиісті жылға көзделген жалақы қорының есебінен және шегінде психологиялық-педагогикалық қызмет құрылады.
58. Мемлекеттік мекеме білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің МЖМБС-на сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді.
59. Оқыту орыс тілдерінде жүргізіледі.
60. Мемлекеттік мекемеде балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұйымдастырылады.
61. Мемлекеттік мекеме білім алушылардың бойында патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты қарым-қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
62. Мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ыстық тамақ, сондай-ақ буфет жүйесі бойынша тамақтану, білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру ұйымдастырылады.
63. Мемлекеттік мекеме білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді және ұлттық білім беру деректер қорындағы деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
64. Мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білім берудің бөлектілік қағидатын сақтайды. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді.
65. Саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.
66. Білім берудің зайырлы сипатын іске асыру және мемлекеттік мекемесі білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жою мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарбелгіленеді.
67. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
68. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын мемлекеттік мекеме мен қоғамдық кеңес айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
69. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар мемлекеттік мекеме фойесінде, ал таныстыру мақсатында мемлекеттік мекеменің Интернет-ресурстарында жарияланады.
70. Басшы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен ата-аналарды немесе заңды өкілдерді білім алушыны білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш беру кезінде қол қойғызу арқылы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында таныстырады.
71. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайларда шектеу іс-шаралары алынғанға, төтенше жағдай қолданысы, форс-мажор жағдайлары тоқтатылғанға дейін ата-аналар балаларды мемлекеттік мекемеге киіп бара алатын іскерлік, классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен қамтамасыз етеді.
72. Мемлекеттік мекеме білім беру, ғылым, мәдениет салалары бойынша халықаралық қызметтерге қатысады.
73. Мемлекеттік мекемеде алқалық басқару органдары құрылады. Білім беру ұйымының алқалық басқару нысандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес болып табылады.
8-тарау. Білім алушылардың білімдерін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі
74. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын білім алушылардың игеруін бақылау мақсатында мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады.
75. Мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға береді
9-тарау. Білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару
негіздері және тәртібі
76. Білім алушылар мемлекеттік мекемеден құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, мемлекеттік мекеменің жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін директордың бұйрығымен шығарылады.
Он алты жасқа дейінгі балаларды шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
77. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.
78. Білім беру ұйымдарынан шығарылған кәмелетке толмаған балалардың жалпы орта білім алуы жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жалғастырылады.
79. Бастауыш білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір орта білім беру ұйымынан басқасына ауыстыру растайтын құжаттардың негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
80. Білім беру ұйымынан шыққан адам басқа білім беру ұйымына келуі туралы талон ұсынады, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетіледі, содан кейін оған тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетілген кету туралы есептен шығару талоны және оның жеке ісі беріледі.
Кету туралы есептен шығару талоны білім алушының келуі және жеке ісін тапсыруы үшін білім беру ұйымына ұсыну үшін беріледі.
10-тарау. Ақылы қызмет ұсынудың тізбесі және тәртібі
81. Мемлекеттік мекемеде білім деңгейiн, оқу мерзiмiн, оқуға төленетiн ақы көлемін, басқа да жағдайларды анықтайтын гимназия мен білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң, олардың ата-аналарының (заңды өкiлдердiң) арасындағы шартпен реттелетiн оқу жоспарының пәндері бойынша оқушылардың жеке жұмысын ауыстырмайтын ақылы қосымша білім беру қызметін ұйымдастыру мүмкiн.
82. Мемлекеттік гимназиялар мен лицейлерде ақылы білім беру қызметі бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде және оның орнына көрсетіледі.
83. Мемлекеттік мекеме көрсететін білім беру қызметтері білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бюджет қаражаты есебінен, тегін көрсетіледі.
84. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізде мынадай:
1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;
2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагогтер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;
6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;
7) ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге құқылы.
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген өзге де тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер).
85. Мемлекеттік мекеме дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.
86. Мемлекеттік мекеме мүліктік жалдауға (жалға) беруден алынған кірістерді өзі дербес пайдаланады.
87. Мемлекеттік мекеме ақылы негізде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.
88. Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі.
89. Білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады.
90. Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.
11-тарау. Мемлекеттік мекеменің білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) ата-аналарымен өзге де заңды өкілдеріменқарым қатынастарын ресімдеу тәртібі
91. Білім алушының, заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынастары тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқу мерзімдерін айқындайтын шартпен реттеледі.
92. Білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарт мемлекеттік мекеменің басшысы мен білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері арасында мемлекеттік мекемеге білім алушыларды қабылдау кезінде жасалады.
93. Оқушылардың:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
6) мемлекеттік мекемеде ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдарменқамтамасыз етілуге;
7) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;
8) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
9) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
10) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
94. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.
95. Оқушылар:
1) МЖБС талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға;
2) өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға;
3) міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға;
4) педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
96. Білім алушылардың міндеттерін бұзғаны үшін оларға мемлекеттік мекеменің ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.
97. Кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде педагогтің:
1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
2) лауазымды адамдар және басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға;
3) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне;
4) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайлардың жасалуына;
5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
6) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға;
7) білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оқу құралдарын, материалдарын және өзге де құралдарын таңдауға;
8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, білім беру қызметінің әдістемелік материалдары мен өзге де құрауыштарын, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға;
9) жұмыс орны бойынша сайланбалы лауазымға сайлануға және оны атқаруға;
10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;
11) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
12) бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруға;
13) үздіксіз кәсіптік дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;
14) біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуіне;
15) кәсіптік қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуге;
16) өзіне қатысты қабылданатын мемлекеттік мекеме басшысының актілеріне, әрекеттеріне және шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым жасауға;
17) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
98. Педагогтің құқықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс.
Педагог:
1) өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерді меңгеруге;
2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;
3) өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға);
4) педагогтік әдепті сақтауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өтуге;
6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
7) балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға;
9) мемлекеттік мекеменің басшылығына өмірлік қиын жағдайда жүрген баланың анықталу фактілері туралы дереу хабарлауға;
10) құқық қорғау органдарына және мемлекеттік мекеменің басшылығына қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде мемлекеттік мекемеден тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;
11) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне консультация беруге міндетті.
99. Педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де сенім-нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі, дінге көзқарасы бойынша азаматтардың ерекшелігін, астамшылығын не кемшіндігін насихаттайтын, оның ішінде білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттары мен ұлыстарының тарихи, ұлттық, діни және мәдени дәстүрлері туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқылы емес.
12-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
100. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржыкөздері себінен құрылады.
101. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражатыбойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бойынша құқығы жоқ.
102. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру салаларындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
103. Мемлекеттік мекеменің қызметі жергілікті, республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбағанөзге де көздерден қаржыландырылады.
104. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
105. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны жергілікті атқарушы орган және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
13-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
106. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесімен бекітіледі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшылық туғызбауы керек.
107. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.
14-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
108. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі жәнеҚазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
15-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
109. Мемлекеттік мекеменіқайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкесжүзеге асырылады.
110. Мемлекеттік занды тұлға заңнамалық актілерде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
111. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
112. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
113. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған, осы заңды тұлғаның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, таратылған мемлекеттік мекеменің ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
16-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
114. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Басшы_______________
ТАӘ қолы
Қазақша
Русский 