A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз сіздерді біздің гимназияның ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!

Перейти в раздел

Қостанай облысы әкімдігі

білім басқармасының

«Жітіқара ауданы білім

бөлімінің гимназиясы»

коммуналдық  мемлекеттік

мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Гимназия

 отдела образования 

Житикаринского района»

Управления образования  акимата Костанайской области

 

 

БҰЙРЫҚ

ПРИКАЗ

16 сәуір 2026 жыл

№ 137

Жітіқара қаласы

город Житикара

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген, ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың 5-тармағына, 2026 жылғы 16 сәуірдегі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ № 137 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

         1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілсін.

         2.  Келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін:

         1) гимназияның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

         2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау; мүдделер қақтығысын реттеу; Мемлекеттік қызметтер көрсету; бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу; ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.

        3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, А.Х. Калиеваға, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, Р.Ш. Иштуковаға, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, М.В. Махмутоваға, директордың АШБ жөніндегі орынбасары, Е.В. Данилюкке, бас есепшісі, М.С. Ахметоваға, әлеуметтік педагогі, А.Б. Аметоваға, іс жүргізуші, З. Т Дуспановаға жүктелсін.

 

         4. Ішкі талдау жүргізуге «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Жітіқара аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы» филиалының төрайымы Асем Муратовна Галиаскарова тартылсын (келісім бойынша).

         5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылатын кезең: 2025 жылғы 2 жартыжылдық - 2026 жылғы 1 жартыжылдық болып белгіленсін.

         6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша жауаптыларға 2026 жылғы 25 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде білім беру ұйымдарында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты қамтитын жиынтық талдамалық ақпарат, оларды жою жөніндегі ұсынымдар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі берілсін.

         7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге басшылықты, үйлестіруді және жауапкершілік пен жұмыс нәтижелерін өзіме қалдырамын.

         8. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облысы әкімдігі

білім басқармасының «Жітіқара ауданы

білім бөлімінің гимназиясы» КММ директоры                                        А. Алиферец

 

Бұйрықпен таныстым:                                                                                        Аметова А.Б.

        Ахметова М.С.

        Галиаскарова А.М.

        Данилюк Е.В.

        Дуспанова З.Т.

        Иштукова Р.Ш.

        Калиева А.Х.

        Махмутова М.В.

 2026 жылғы 16 сәуірдегі

№ 137 бұйрыққа

қосымша 

 

 

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ-де

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Калиева А.Х., директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;

Иштукова Р.Ш., директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;

Махмутова М.В., директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

Данилюк Е.В., директордың АШБ жөніндегі орынбасары;

Ахметова М.С., бас есепші;

Аметова А.Б., әлеуметтік педагог;

Дуспанова З.Т., іс жүргізуші;

Галиаскарова А.М., «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Жітіқара аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағы» филиалының төрайымы.

 

Бекітемін

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ директоры

_________ А. Алиферец

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 

«Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ

 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі

1

Мектеп директоры

 

Персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, штаттық кестені және қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін бекітеді. Білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар шегінде иелік етеді. Қаржыландыру жоспарының өзгеруіне, ерекшеліктер бойынша жылдық сомалардың өзгеруіне, бюджет қаражатының кассалық орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

Лауазымды тұлғаның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға немесе өзге де жеке мүдделеріне байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалануы.

2

Директордың ОЖЖ орынбасары

Оқу процесін ұйымдастыру, педагогикалық жүктемені бөлу. Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу.

Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланумен байланысты тәуекелдер, жекелеген тұлғаларға басымдық беру, олардың мүдделерін ілгерілету  мүмкіндігі.

3

Бас есепші, есепші

 

Бухгалтерлік есеп. Жиынтық есептердің жасалуын қамтамасыз етеді. Еңбекақы есептеулерінің, салықтардың, сондай-ақ өнім берушілерге төленетін төлемдердің жасалуын бақылау. Шарттар жасасу, шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын әрі қарай қадағалау. Бюджеттен бөлінген қаражаттың толық және уақтылы пайдаланылуын бақылау

Бюджет қаражатын жымқыру мүмкіндігі, артық ақшалай қаражатты негізсіз аудару. Талап арыздарды бермеу, талап қою талаптарының толық болмауы.

4

Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары

 

Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қабылдау.

 

Сапасы тиісті емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қабылдау.

5

Мемлекеттік қызмет көрсететін маман

Мемлекеттік қызметтерді және олардың белгілері бар қызметтерді көрсету.

Өтінішті формальды негіздер бойынша қабылдамау мүмкіндігі, көзделмеген құжаттарды талап ету, нәтижені беруден заңсыз бас тарту.

6

Кадрлармен жұмыс жөніндегі маман

Жұмысқа қабылдау рәсімдерін ұйымдастыру, үміткерлерге қойылатын талаптарды және конкурстық сұрақтарды әзірлеу.

 

Конкурстық талаптарды белгілі бір үміткерлерге «бейімдеу» және оларға конкурстық сұрақтарды алдын ала ұсыну мүмкіндігі. Белгілі бір үміткерлерге басымдық беру мүмкіндігі.